$ 443.85  474.3  4.8

Азамат Тәжаяқов түрмеден шығып, елге оралды

АҚШ түрмесінде үш жылын өткізген қазақстандық студент Азамат Тәжаяқов мерзімін толықтай өтеп, 16 маусым күні елге оралды деп хабарлайды KTK телеарнасы. Алматы әуежайында оны ата-анасымен бірге бауырлары, туған-туыстары күтіп алды.

Азаматтың әкесі Әмір Исмағұловтың айтуынша, ұлы бұған дейін хат жазып, Қазақстанға қайта оралатынын, АҚШ-тан саяси баспана сұрамайтынын мәлімдеген.

"Біріншіден, ол енді өзі де бармайды АҚШ-қа, екіншіден, мен оны ол елге мүлдем жібермеймін. Үшіншіден, АҚШ-қа Азаматты онсыз да кіргізбейді. Ұлымның аман-есен елге оралуына көмектескен құзырлы орган қызметкерлеріне, тілеуімізді тілеп отырған халқымызға алғысымыз шексіз", - дейді Исмағұлов.

Азамат Тәжаяқовты АҚШ-тың екі өкілі алып келіп, туыстарына тапсырды. Ол сот тағайындаған мерзімді толық өтегендіктен Америка тарапының оған ешқандай талап-арызы жоқ. Студенттің өзі болса темір тордың арғы жағында математика пәнінің мұғалімдігіне емтихан тапсырып, өзге сотталушыларға тәлімгер болған екен. Сондай-ақ, бірнеше тіл үйреніп, білім алуды енді Қазақстанда жалғастыру ниетте.

Естеріңізге салайық, Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевты АҚШ соты Бостондағы лаңкестікті жасаған ағайынды Царнаевтардың сыбайласы деп айыптаған болатын. Қазақстанның екі студенті Джохар Царнаевтың айғаққа толы сөмкесін қоқысқа лақтырып жіберген. Салдарынан Азамат - 3 жылға, Диас 6 жылға бас бостандығынан айрылған еді. Бүгінде Д.Қадырбаев жазасын Техас штатындағы түрмеде өтеп жатыр. Оның бостандыққа шығуына 2 жылдан сәл астам уақыт қалды. Қазақстанның Бас прокуратурасы отандасымызды елге экстрадициялау үшін бірқатар жұмыстар атқаруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары