Ресей президенті Владимир Путин діни бірлестіктердің өкілдеріне жүгініп, олармен кездесуде Інжіл, Құран, Тора мен Ганджур кітаптарынан үзінді айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы қасиетті кітаптардың төртеуінде де нәсіліне, ұлтына және дәстүріне қарамастан жақынына деген сүйіспеншілік жазылғанын баса айтты.
Ол әр кітаптан үзінділерді кезек-кезек оқып берді.
"Егер кімде-кім өзінің достары үшін жанын берсе, одан асқан сүйіспеншілік болмайды", - деп Путин Інжілден үзінді келтірді.
Осыдан кейін президент Құраннан мынадай жолдарды айтты: "Мұхаммед, айт, мен шынайы сенім жариялағанм үшін сендерден марапат сұрамаймын, тек жақыныңды сүюге шақырамын. Жақсылық жасаған адамның несібесін екі есе арттырамыз".
Путин келесі өсиетті Таураттан оқыды: "Бауырыңа деген өшпенділікті жүрегіңде сақтама. Жақыныңды қайта-қайта ескерт- сонда ол үшін сенде күнә болмайды. Кек сақтама және зұлымдыққа бой алдырма, жақыныңды өзіңді жақсы көргендей сүй".
"Және, Будданың сөздері: "Бұл әлемде жеккөрушілікті ешқашан жек көрушілікпен жоюға болмайды. Тек махаббат жеккөрушілікті жеңе алады", - деді президент.