$ 494.87  520.65  4.91

«Жемқорлықты Отанын сатумен теңестіруге болады» – Алик Шпекбаев

Бұл туралы агенттік басшысы Рудный қаласының жұртшылығымен және мемлекеттік қызметшілерімен кездесуінде мәлімдеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қостанай облысына сапары аясында Рудный қаласының жұртшылығымен және мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Агенттік басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы сөз қозғап, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы саясат және қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Атап айтқанда, ол басшылардың бағыныштылар арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі туралы еске салды. Қыркүйек айында Рудный қаласының әкімі Ғаязов Қашар кентінің әкімі Алдонғаровтың жемқорлық қылмысы үшін берілген отставка аясында қызметінен босатылды.

«Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама әр басшыға жоғары талаптар қойып отыр. Сіздер тұтас мемлекеттік органның жұмысы тазалық пен парасаттылыққа бағытталуға байланысты екенін жете түсінулеріңіз қажет. Сондықтан басшылардың жемқорлыққа жол ашатын кез келген жағдайды жою бойынша белсенді әрекет жасауы маңызды. Бұл үшін барлық құралдар бар. Ең бастысы – шынайы ниеттің болуы», - деді агенттік басшысы.

Алик Шпекбаев мемлекеттік органдардың жұмысын трансформациялауда азаматтардың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ кездесуде мемлекеттік аппаратты қысқарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Шынында да, мемлекеттік аппаратты қысқарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік қызметте неғұрлым тиімді қызметкерлер қалуға тиіс. Саясаттың ықшамдылыққа бағдарланғанына қарамастан, адал, білімді және талантты жастарға конкурстық негізде жұмысқа өту жолы әрқашан ашық болатынына сенімдімін», - деді Алик Шпекбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары