$ 444.22  476.38  4.82

Божко 2 жылға бас бостандығынан айырылды (ВИДЕО)

Ол қазақтың тіліне, жеріне қатысты қорлайтын, қазақ халқының ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Қостанай облысында ұлтаралық араздықты қоздырған Рудный тұрғыны сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап tobolinfo.kz порталы хабарлайды.

Қыркүйек айының соңында 46 жастағы Рудный қаласының тұрғыны Кирилл Божко украиндық блогермен болған әңгіме барысында Қазақстанның мемлекеттік тіліне, жеріне қатысты қорлайтын, қазақ халқының ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған видеоны анықтап, тексеру жүргізді.

5 қазан күні Рудный қалалық сотының үкімімен Рудный қаласының тұрғыны Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша сотталды.

«Сотталушының кінәсі бейнежазба және арнайы сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот іс бойынша барлық мән-жайды ескере отырып, Божконы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Аzattyq-ruhy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары