$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда асабаларға қарсы науқан басталды

Үш бірдей асабаға айыппұл салынып тағы бірнешеуіне іздеу салынған.
фото: qazdauiri.kz
фото: qazdauiri.kz

Атыраулық асабаларға айыппұл салына бастады. Қазір жұртты жасырын жинап, той жасайтындар азаймай тұр. Сол мерекелік шараның өтуіне атсалысатын асабаларға енді шара қолданылады, деп хабарлайды nege.kz сайты.

Би топтары мен фотограф, бейнеоператорлар да жауапкершіліктен жалтарып кете алмайды. Жеке тұлғалар 83 мың теңге, ал кәсіпкер ретінде тіркеліп, қызмет көрсететіндер 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Қазір осындай деректер бойынша Атырауда 3 асабаға хаттама толтырылған. 

"Мейрамханада және үй жағдайында өткізіп жатырған 3 жағдай тіркелді күні бүгін. Сол асабаларға қатысты ҚР ҚК-нің 425-бабы 1-тармағына сәйкес іс қозғалды. Тағы да 2 әкімшілік іс қаралуда. Ол тұлғалар басқармаға келмегендіктен қазір іздестірілуде. Яғни басқармаға келу жолдары қарастырылуда", - деді Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ББ бас маманы Бақытбек Хамза. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары