$ 444.32  473.33  4.76

Қайрат Нұртас Меккеге барып, кептерлерге жем шашты (ВИДЕО)

Танымал әнші Қайрат Нұртас Меккеге кіші қажылыққа барып келді. Әншінің Әл-Харам мешітіне барып, Қағбаны айналған бейнеролигі YouTube видеопорталында жарияланды.

Аталған роликте Қ.Нұртас қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бақыт тілеген.

Ал, өзінің Instagram-парақшасында Қайрат Меккедегі кептерлерге бір қап жем шашып, қайырымдылық жасап жатқан сәті түсірілген видеомен бөлісті.

Айта кетейік, бүгін Рамазан айы бел ортасына келіп жетті, яғни оразаның аяқталуына тура 15 күн қалды. Ал, 5 шілдеде мұсылман қауымы Ораза айт мерекесін тойламақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары