$ 444.14  477.05  4.85

Елімізде жыл басынан бері 8 адам қырым-қанды безгегіне шалдыққан

Қазақстанда жыл басынан бері 8 адам қырым-қанды безгегіне шалдығып, олардың екеуі қайтыс болған. Бұл туралы ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі хабарлап отыр. Оңтүстік облыстарда кене белсенділігінің артуына байланысты денсаулық сақтау саласының мамандары қазақстандықтарға кене шаққан жағдайда бірден республикадағы медициналық ұйымдарға жүгінуді сұрайды.

Қайтыс болғандардың бірі - ОҚО, екіншісі Жамбыл облысының тұрғындары.

Министрліктің мәліметінше, оңтүстіктегі үш облыста дәрігерлердің жоғары дайындығы қамтамасыз етілген. Олар аталған індетпен қалай күресуді, емдеуді жақсы меңгерген дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы – өлім көрсеткіші жоғары жіті жұқпалы вирустық ауру. Ол безгек, ағзаның улануы, терідегі және ішкі ағзалардағы қан құйылумен сипатталады. Инкубациялық кезең 1 күннен 14 күнге дейін созылады (көп жағдайда 2-7 күн).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары