$ 448.89  477.93  4.76

Елімізде биылғы жылы ең көп грант техникалық мамандықтарға бөлінді

Қазақстан жоғары оқу орындарының білім гранттарына өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде кешенді тестілеу қорытындыларына байланысты өткен брифинг барысында Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, биылғы жылы мемлекеттік тапсырыстың көлемі 34 мың 165 грантты құрайды. Оның ішінде күндізгі оқыту нысаны бойынша 31 мың 135 грант болса, қысқаша оқыту гранты - 500, дайындық бөліміне 2530 грант бөлінген. Осы гранттар 31 шілдеге дейін өтініштерін тапсырған талапкерлер арасында республикалық конкурс арқылы айқындалады.

― Бүгінгі таңда гранттың ең көп бөлінген бағыты техникалық ғылымдар - 12 мыңнан астам. Сонымен қатар, гранттағы 5864 орын - педагогикалық мамандықтарға, 2650 орын ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына бөлініп отыр, ― деді Т. Балықбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары