Бүгін, 24 шілде күні Алматыда жергілікті уақыт бойынша 09 сағат 08 минут 17 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Бұл мәліметті «ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратып отыр.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық күші - 11.0, магнитудасы MPV 5.0.
Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.