$ 444.22  476.38  4.82

Қостанай облысында тергеушіні көлік қағып көз жұмды

Тергеушінің жұмысынан үйіне келе жатқаны анықталды.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Қарасу ауданында 33 жастағы полицей көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 6 қарашада Қарасу ауылында болды.

«33 жастағы LADA Granta көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Ауыр жарақат салдарынан полиция капитаны Исаева Светлана ауруханада көз жұмды», делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушінің жұмысынан үйіне келе жатқаны анықталды.

Сондай-ақ осы дерек бойынша қызметтік тергеу басталды.

Полиция басшылығы мен жеке құрамы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады. 33 жастағы Светлана Исаева полицияда 6 жыл қызмет етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары