$ 444.32  473.33  4.76

Атырау облысында шағала мен суқұзғын жаппай қырылып жатыр

Құстардың неден бұлай қырылып жатқаны белгісіз.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Атырау облысында Жайық өзенінің сағасында, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан «Ақжайық» табиғи резерватында шағала мен суқұзғындар қырылып жатыр, деп хабарлайды inform.kz.

Қазіргі таңда суқұзғынның 40 және шағаланың 5 өлексесі табылған. Құстардың неден бұлай қырылып жатқаны белгісіз.

«Тиісті биоматериалдар алынып, астанадағы ветеринария бойынша ұлттық референт орталығына жіберілген. Атырау облысы экология департаментінің мамандары резерваттағы су, ауа және топырақтан сынама алды. Енді соған талдау жүргізеді» деп мәлім етті орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары