$ 494.87  520.65  4.91

Қытай шекарасын жаба бастады

Дипломатиялық және қызметтік визалары, сондай-ақ, С санатындағы визалары бар адамдар үшін ерекшелік жасалады.
Фото: almaty tv
Фото: almaty tv

Кейбір еуропалық саяхатшылар Қытайға бару жоспарларынан бас тартуға мәжбүр. Коронавирустың таралуына байланысты аспан асты елі Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Ресей және Франциядан келген қытай емес азаматтарға, соның ішінде жарамды визалары мен ҚХР-да тұруға рұқсаты бар адамдарға елге кіруге тыйым салды. Бұл туралы Baq.kz ru.euronews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыр эпидемиологиялық жағдай қалыптасқан осы елдердегі Қытай елшіліктері бұл шара «мәжбүрлі және уақытша, бірақ халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді» деп түсіндірді. Бұл ретте дипломатиялық және қызметтік визалары, сондай-ақ, С санатындағы визалары бар адамдар үшін ерекшелік жасалады.

Еуропалық одақтың Қытайдағы сауда палатасы бұл шектеулердің қайтарылуына қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Оның мәлімдемесінде: «аталған елдердің көптеген азаматтары Қытайдан тыс жерлерде осындай шаралар алғаш рет наурыз айының соңында енгізілгелі бері қалып қойды» делінген.

Бұған дейін ҚХР Бангладеш, Үндістан және Филиппин азаматтарына елге кіруге рұқсатты алып тастаған болатын. Қытай билігінің мәліметінше, елде коронавирустық инфекцияның сырттан келген жағдайлары санының артып келеді, мысалы, қазан айында дәл осындай 515 жағдай тіркелген, бұл өткен айдың көрсеткішінен 45%-ға көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары