$ 494.87  520.65  4.91

Ұлыбританиялық генерал үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы ескертті

Картер қазір әлемде аймақтық қақтығыстардың көптігін ескеріп, кімде-кімнің жаңсақтығы ауқымды салдарға әкеп соғуы мүмкін деген қауіп барын атады.
Фото © REUTERS / Jeff Overs
Фото © REUTERS / Jeff Overs

Ұлыбритания қорғаныс штабының басшысы, генерал Ник Картер Sky News басылымына берген сұхбатында коронавирус пандемиясы салдарынан туындауы мүмкін жаһандық қауіптер туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол экономикалық дағдарыстар бұрын қауіпсіздік дағдарысына әкеп соққанын атап өтті және пандемияның әлем экономикасына әкелген шығыны салдарынан қайталануы мүмкін екеніне алаңдайтынын айтты.

Картер қазір әлемде аймақтық қақтығыстардың көптігін ескеріп, кімде-кімнің жаңсақтығы ауқымды салдарға әкеп соғуы мүмкін деген қауіп барын атады.

Осы сөздерден кейін журналист "үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы айтып отыр ма, жоқ па" деп нақтылады.

"Мен тек қауіп барын және оны ескеруіміз керек екенін айтамын", - деді генерал бұрынғы жаһандық қақтығыстардағы өлімінің қайталануына жол берілмеуін атап.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары