$ 449.58  486.94  4.86

Джо Байден мұнай өндіруші елдерге қауіп төндіреді - ОПЕК

Егер Байден АҚШ президенті болса, онда ол "Вашингтон үшін ең үлкен жаһандық қауіп" деп атаған Ресейдің ОПЕК+ құрамынан шығу қаупі де бар.
Фото: foxbusiness.com
Фото: foxbusiness.com

ОПЕК+ ұйымындағылар АҚШ билігіне Джо Байденнің келуі мұнай саласы үшін проблемалар туғызады деп санайды.

Болжам бойынша, Байден қара алтынның негізгі өндірушілерімен, атап айтқанда, Сауд Арабиясымен, сондай-ақ Иранмен, Венесуэламен және Ресеймен қарым-қатынасты қайта қарайды. Ол Тегеран мен Каракасқа қарсы санкцияларды жеңілдетуі де мүмкін, бұл олардың миллиондаған баррель мұнайын нарыққа шығарып, оның бағасының төмендеуіне әкеледі.

Егер Байден АҚШ президенті болса, онда ол "Вашингтон үшін ең үлкен жаһандық қауіп" деп атаған Ресейдің ОПЕК+ құрамынан шығу қаупі де бар. Бұл іс жүзінде мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімнің бұзылуына тең. Өйткені, Мәскеудің мәмілеге қатысуына ықпал еткен Трамп еді.

Сонымен қатар, ОПЕК+ ұйымындағылар мұнай-газ индустриясының жақтаушысы болған "Трампты сағынатынын" хабарлады.

Дереккөз: stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары