Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зертхана қызметтері мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Айқын.кз.
Нәтижесінде, ПТР тест бағасы 18 000 теңгеден 9 000-ға дейін төмендетілді.
Атап айтқанда, «Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаны белгіледі, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары бағаны 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті.
Сондай-ақ медициналық масканың бағасын да өндірушілер орта есеппен 21 теңгеге дейін төмендетті.