Жаңалықтар 10.11.2020 сағат 17:00

Тоқаев Бас мүфтиді қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы жоспарлары туралы да сөз болды.
Тоқаев Бас мүфтиді қабылдады
Фото: akorda.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пандемия кезінде жасаған қайырымдылық шаралары жайында мәлімет берілді. Наурызбай қажы Тағанұлы індет кезінде мүфтият тарапынан ауруханаларға жасанды тыныс алу, оттегі аппараттары мен медициналық құрал-жабдықтар, мұқтаж жандарға дәрі-дәрмектер, мешіттердің жанындағы тігін цехтарында тігілген бетперделер мен қорғаныс киімдерінің тегін таратылғанын атап өтті.

Сонымен қатар «Ел үлесі – пәтерде» акциясы аясында 314 баспана берілгенін айтты. Бұдан бөлек имамдардың білімін көтеру, кадр даярлау мәселелері жайында баяндады. Наурызбай қажы Тағанұлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа мүфтият алдағы уақытта «Ихсан» ілімін, Абайдың кемел адам концепциясын кеңінен дәріптеп, насихаттау жұмыстарымен айналысатынын жеткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы жоспарлары туралы да сөз болды.

Атап айтқанда, Ислам академиясын құру, Ислам және теология кітапханасын салу, еліміздегі мешіттердің архитектурасын қазақы салт-санаға сай қалыптастыру мәселелері айтылды.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысын жоғары бағалап, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар