$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

11-13 қараша аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа-райы бұзылады.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

«Қазгидромет» мекемесі Қазақстанның тағы бірнеше аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

12 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде 11-13 қараша күндері тұман, 12-13 қарашада көктайғақ болады. 11-12 қараша аралығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады, 12 қарашада екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Тараз қаласында 11-13 қарашада кей уақытта тұман түсуі ықтимал.12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде 11 қараша күні жауын жауады. 11-12 қараша күндері кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавлда11-12 қараша аралығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 11 қарашада тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге жетеді.

Өскеменде 11 қарашада күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Семейде 11 қараша күнікүндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары