Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Астананың коронавирус таралуы бойынша "сары" аймаққа енгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгінде қала "сары" аймақта. Яғни, "сары" аймақ болған кезде бізде жеңілдету болмайды. Бізде күніне 49 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Сондықтан сауда және ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға қатысты жеңілдік жасай алмаймыз, ондай мүмкіндігіміз жоқ", - деді Пірәлиева.
Пірәлиева елордада бұрынғы карантиндік режим сақталатынын атап өтті. Оның сөзінше, науқастар арасында вирусты басқа өңірлерден алып келгендер де бар екен.