$ 446.49  475.38  4.79

Әлеуметтік желіде танымал болу үшін метроға жабысып алған блогер ұсталды (ВИДЕО)

Жас жігіт әлеуметтік желіде танымал болу үшін метроға жабысып, оны камераға түсірген.

Метро вагонының артына жабысып алған экстремал-блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас жігіт әлеуметтік желіде танымал болу үшін метроға жабысып, оны камераға түсірген.

«Ол өзінің әрекетін өмірі мен денсаулығына және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретінін білмеді деп ойламаймын. Ч. есімді азамат заңға сәйкес шаралар қабылдау үшін тәртіп сақшылары оны іздейтінін білді.

Сондықтан ол жасырынған. Алайда кеше кешке ол ұсталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабы («Темір жол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Ч. есімді азаматқа қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілді», - дейді метрополитендегі полиция басқармасының басшысы Тимур Өсекбаев.

Айта кетейік, блогердің видеосы 2 қарашада «SHERIFF Almaty» арнасында «Зацеп метро Алматы» деген атаумен жарияланған. Ол пойыздың арт жағындағы тіркемесіне жабысып алып, «Алмалы» стансасынан бастап «Абай» стансасына дейін жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары