Жаңалықтар 11.11.2020 сағат 10:40

Бурабайда көлік ұрлаған жігіт жол апатына түсіп көз жұмды

Сол күні 48 жастағы тұрғын 9 қарашаға қараған түні белгісіз тұлға оның "Volkswagen Golf 3" маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданған.
Бурабайда көлік ұрлаған жігіт жол апатына түсіп көз жұмды
Фото: inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бурабай АПБ-не Қарабауыр ауылының 48 жастағы тұрғыны 9 қарашаға қараған түні белгісіз тұлға оның "Volkswagen Golf 3" маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданды, деп хабарлайды zakon.kz Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы ауылдың 22 жастағы тұрғынын анықтады, ол осы автокөлікпен Абылайхан ауылы бағытында, "Дорофеевка-Зеленый Бор" бағытындағы автожолда Қызылағаш ауылына жетпей рульді басқара алмай, машина жол жиегіне аударылған.

Жол апаты салдарынан жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

ЖКО фактісі бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар