$ 445.66  474.58  4.78

«Ақырзаман емес қой»: Нығматулин министрлікке ескерту жасады

Мұндай маңызды ақпараттық материалдарды беру мәдениетін қалыптастыру керек
фото: elana.kz
фото: elana.kz


Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин телеарналардан көрсетілетін коронавирус туралы ескертулерді сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz

Ол ақпарат министрлігі мұндай материалдарды қатаң түрде қадағалау керек екенін ескертті. Хабарламаның берілуі кез келген адамның бойында қорқыныш тудыратындықтан, ақпаратты дұрыс жеткізу керек дейді Нығматулин. 

"Осыдан біраз уақыт бұрын теледидар арқылы халыққа пандемия кезіндегі сақтық шаралары туралы жиі ескерту жасалатын. Бұл - дұрыс, қажет. Бірақ ол қалай жасалатын еді. Теледидарда жақсы фильм немесе қызықты бағдарлама болып жатады да. Аяқ астынан тоқтатылып, экранда кішкентай қаріппен жазылған мәтін мен мұңды дауыспен коронавирус туралы ескерту жасайды. Министрлік мұндай ақпаратты дұрыс беруді бақылау керек. Мұндай маңызды ақпараттық материалдарды беру мәдениетін қалыптастыру керек. Мұңды дауыспен беруге болмайды ғой. Бұл - ақырзаман емес қой", - дейді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары