Коронавирус инфекциясы кезінде Қазақстан азаматтары тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген ауруханалардан бірқатар дәрілерді тегін ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Редакция тілшісі қандай дәрілердің тегін берілетінін Денсаулық сақтау министірлігінен сұрап білген.
Тізімде коронавирустық инфекция нозологиясын мынадай дәрілік заттармен қамту қарастырылған:
Одан бөлек, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін босатылатын дәрілік заттар тізімін осы жерден қарай аласыз.
КҮНДЕЛІКТІ ТЕГІН ДӘРІЛЕРДІ КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?
Диспансерлік есепте мына аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттары тізімге сәйкес тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі: қан айналым жүйесінің аурулары, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, аритмиялар, созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі, жүрек қақпақшалары протезделген науқастар, бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, ас қорыту ағзаларының аурулары, қан, қан ұю ағзаларының аурулары және иммундық механизмді тартатын жекелеген бұзылулар, миелодисплатикалық синдромдарды қоса алғанда, лимфалық, қан өндіру және солар тектес тіндердің қатерлі ісіктері, эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасуының бұзылуынан туындайтын ауруларда, сүйек-бұлшық ет жүйесінің және дәнекер тін ауруларында, нерв жүйесінің аурулары, АИТВ инфекциясы және онкологиялық аурулар кезінде.
ТЕГІН ТАРАТЫЛАТЫН ДӘРІЛЕРГЕ КІМДЕР ЖАУАПТЫ?
Тізімде көрсетілмеген аурулары (жай-күйі) бар азаматтар амбулаториялық денгейде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілмейді. Тегін дәрілердің таратылуына денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары жауапты.
«Азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардың лауазымды адамдары мен басшылары, сондай-ақ денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары жауап береді. Дәрілік заттармен толық көлемде уақытылы қамтамасыз етілуін бақылауды дәрілік заттар айналымы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналасы саласындағы мемлекеттік орган жүзеге асырады», - делінген ДСМ ресми жауабында.
Егер дәрі-дәрмекті қамтамасыз етуге бекітілген жауапты тұлғалар 426-баптың 1 тармағына сәйкес дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе, жеке тұлғаларға – 70, лауазымды адамдарға – 100, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 130, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.