Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев соттан оны қамауда қалдыра беруін сұрады. Бұл туралы Атамбаевтың кеңесшісі әрі айыпталушылардың бірі Құндыз Жолдыбаева айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Дереккөз мәліметінше, Жолдыбаева - экс-президенттің ең жақын кеңесшілерінің бірі.
Тергеуге сүйенсек, ол да 2019 жылы Қой-Таштағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар. Сот оған үй қамауында ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын таңдаған.
"Менің сотқа бір өтінішім бар - мені қамауда қалдырыңыз. Маған колонияда онсыз да 11 жыл берілді, бірақ оған еш дәлел жоқ. Уақыт бәрін көрсетеді. Мен әлі де шындық жеңетінін білемін. Мен бәріне төтеп беремін", - деп келтірді Жолдыбаева экс-президенттің сөзін.
Еске салайық, 6 қазанда Қырғызстанның астанасында митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатқан болатын. Мұның алдында Атамбаевтың 11 жылға сотталғаны хабарланған еді.
Атамбаевтың босатылғаннан кейінгі алғашқы суреті пайда болды
РИА Новости мәліметінше. 2006 жылы Бішкек маңындағы колониялардың бірінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Батукаев 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған. Бүлік кезінде депутат Тынығбек Ақматбаев, жазаны атқару бас басқармасының бастығы Икматулла Полотов және парламенттің екі қызметкері қаза тапқан.
2013 жылы Батукаев түрмеден босатылады. Бірнеше сағаттан кейін ол жаңа паспорт алып, елден кетеді. Тергеу мәліметі бойынша, оны босатуға жоғары лауазымды шенеуніктер, оның ішінде елдің экс-президенті Атамбаев та қатысты. Оларға "ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесі үшін сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырды" деген айып тағылды.