13.11.2020, 03:06

Байқоңырда оқушылар әлі күнге дейін ресейлік бағдарламамен білім алып жатыр (ВИДЕО)

Мұрат Бақтиярұлы оқушылардың ресейлік патриотизм рухында тәрбиеленетінін айтты.

Байқоңыр мектептері әлі күнге дейін ресейлік бағдарламамен білім алып жатыр. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы байқоңырлықтардың талап-өтінішін Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір қалада тұратын 77 мыңнан аса халықтың 70%-ы өзіміздің отандастар. Бірақ, олар әлі күнге отандық стандартпен білім беретін мектеп тапшылығын көріп жүр. 

«Олар Қазақстан аумағында туып-өскенімен, өз жерінде тұрып, менің Отаным – Россия, менің астанам – Москва деп, Россияның арғы-бергі тарихын, тілі мен әдебиетін оқып, әрине ресейлік патриотизм рухында тәрбиеленеді. Айта өтуіміз керек, біз жерімізді жалға бергенімізбен, сол жерде тұрып жатқан халқымызды жалға берген жоқпыз ғой», - дейді Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.