$ 494.87  520.65  4.91

Tengri Bank-тың бұрынғы топ-менеджерлері 5,4 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Қаржы мониторинг комитеті Экономикалық тергеу қызметінің жетекшілігімен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы «Tengri Bank» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты жалпы сомасы 5,4 млрд теңгеден астам ақша қаражаттарын ұрлау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz порталы.

«9 қарашада Алматы қаласының тергеу соты Б.А. Ильясовқа, А.У. Жадықовқа, Н.М. Жылқыбаеваға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа ақпараттар тергеу мүдделері үшін жария етілмеді», - делінген комитет хабарламасында.

Бахтияр Әбдінұрұлы Ильясов – банк төрағасының бұрынғы орынбасары;

Әсет Өрісбайұлы Жадықов – банктің Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары;

Назгүл Маманшалқызы Жылқыбаева – банк қызметкерлері бақылауындағы мекеме басшысы (жалған құжаттар арқылы 3 млн АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз несие алған).

Еске сала кетейік, 10 қарашада Қаржы министрлігі TengriBank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен TengriBank-тің Алматыдағы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықовтың ұсталғанын раста

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары