$ 494.87  520.65  4.91

69 жастағы депутат оқушы қызға сексуалдық қылмыс жасау кезінде ұсталды

Тергеу барысында депутат қамауға алынды. Тағы бірнеше қыздың ата-анасы оның үстінен шағым түсіруге дайын.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ресейдің Свердловск облысында Байкалов ауылдық елдімекенінің Думасының депутаты 69 жастағы Владимир Барыкин 15 жастағы оқушы қызды азғындады деп айыпталды. 

Ер адамның 2019 жылғы наурызда өзінің автокөлік компаниясының аумағында жасалған азапты әрекеттері туралы хабарланды. Оған қатысты іс осы жылдың 12 қарашасында қозғалған.

Барыкин кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық қылмыс жасау кезінде ұсталды.

Оқушы толыққанды отбасында тәрбиеленген. Ол кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімде есепте тұрған жоқ.

Тергеу барысында депутат қамауға алынды. Тағы бірнеше қыздың ата-анасы оның үстінен шағым түсіруге дайын.

Барыкин 2017 жылдың қыркүйегінде төртінші рет Байкалов ауылдық елді мекенінің Думасына сайланды. Ол әлеуметтік мәселелер және абаттандыру жөніндегі комиссияның мүшесі.

Дереккөз: stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары