$ 443.85  474.3  4.8

Алматы-Ташкент жолында жүк көлігі толығымен жанып кетті

Көлік 15 минуттың ішінде жанып кеткен.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Жамбыл облысында Алматы-Ташкент жолында жүк көлігі өртеніп кетті. Көлік небәрі 15 минуттың ішінде толығымен жанып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сондай-ақ, ведомство өңірдегі тәулік ішінде болған өрт оқиғалары туралы мәлімдеді.  

«Облыс орталығы – Тараз қаласындағы «Аса» шағын аудандағы көпқабатты тұрғынүйдің пәтерінің бірінде өрт шықты.  Оқиға орнынан 15 адамды қауіпсіз орынға көшірген. Оның ішінде 4-уі бала. Бұдан бөлек, қаладағы «Байлық» ЖШС пластик өңдейтін цех өртенген», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.  

талған өрт оқиғаларынан ешкім зардап шекпеді. Өрттің шығу себептері мен өрттен келтірілген материалдық шығын анықталуда. Департамент мамандары облыс және қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары