$ 494.87  520.65  4.91

Полиция жол апатынан қаза тапқан ер адамның өлімін 30 жыл бойы біле тұра туыстарына айтпаған

Ол қаулыда министрлікке марқұм болған жігіттің анасы мен төрт бауырына түгелдей өтемақы төлеу міндеттелген екен.

Испания соты 27 жыл бұрын жол апатынан қаза тапқан ер адамның өлімін бюрократиялық қателіктер себебінен оның туыстарына хабарламаған Ішкі істер министрлігіне арнайы қаулы шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

РИА Новости агенттігінің жазуынша, ол қаулыда министрлікке марқұм болған жігіттің анасы мен төрт бауырына түгелдей өтемақы төлеу міндеттелген екен.  

Іс материалдарынан белгілі болғандай, 24 жастағы ер адам 1990 жылы 8 желтоқсан күні Гранада қаласының маңында жол-көлік апатынан қаза тауыпты. Арада алты күн өткен соң қайғылы оқиға жайынан бейхабар туыстары оған іздеу жариялайды. Алайда бюрократиялық қателіктер салдарынан полиция жігіттің туған-туысына оның қайтыс болғаны туралы хабарламаны тек 2017 жылдың 12 маусымында ғана жіберген екен. 

«Ресми тұлғалар хабарламаның мұншама уақыт кешігуінің себебін із-түзсіз жоғалып кеткендер мен түр-тұлғасы анықталмаған мәйіттер туралы деректерді сақтайтын полиция базаларының өзара үйлесіммен жұмыс істемеуінен деп түсіндірген», - деп жазады агенттік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары