$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында анасы мен қызы арақ ішіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды

Жедел тергеу амалдары кезінде анықталғандай, задап шегуші өз үйінде анасымен қосылып арақ ішкен.
Фото: видеоан скриншот
Фото: видеоан скриншот

Ақмола облысында әйел өзінің қызына пышақ жарқатын салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қарашада 35 жастағы масаң күйдегі әйел пышақ жарақатымен ауыруханаға түскен.

«Жедел тергеу амалдары кезінде анықталғандай, задап шегуші өз үйінде анасымен қосылып арақ ішкен. Артынша, екеуара жанжал шыққан. Осы кезде анасы ас бөлмедегі пышақты алып, қызының арқа тұсынан сұғып алған», - дейді ведомстводан.

Белгілі болғандай, 58 жастағы күдікті әйел 1997 жылы ҚР ҚК 195-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

«Күдікті қылмысын толық мойындады. Тергеу амалдары одан әрі жалғасуда», - деп толықтырды полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары