15.11.2020, 02:40

Ақтөбе облысында карантин режимі ұзартылды

Фото: ашық дереккөзі
Жексенбі және мерекелік күндері сауда мен ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылады.

Ақтөбе облысында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері қаулысында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жергілікті мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерде тек кезекші топтар сабақ оқиды. Оқушылар мен мұғалімдер міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет. Отбасылық, бұқаралық жиындарды және бейбіт шерулерді өткізуге болмайды», - деп жазылған хабарламада.

Жексенбі және мерекелік күндері сауда мен ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылады. Тек дәріханалар мен супермаркеттердің қызметі жалғаса береді.