Павлодар облысынан танк снарядтары табылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Оқ-дәрілер жеке үйдің ауласында екені анықталды, үй иесі металл сынықтарын айналысқан. Полиция ғимаратты қоршап, он адамды эвакуациялады. Саперлер екі танк снарядын және миномет минасын тауып алды. Мамандар қарағаннан кейін оқ-дәрілер тәркіленді», - деп жазылған хабарламада.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасы ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.