$ 474.72  515.17  5.58

Алматылық кондуктор жолақысын төлемеген жолаушыны пышақтап тастады

Алматыда №303 бағытта жүретін автобустың кондукторы жолаушылардың бірін пышақтап, соққыға жыққан. Бұл туралы куәгерлердің бірі Facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеп, болған жайттың суреттерімен бөлісті.

Куәгердің айтуынша, оқиға «Арзан» сауда орталығының маңында орын алған. Жолаушы жол ақысына төлейтін ақшасының жоқтығын айтқан соң кондуктор оның денесіне пышақ тығып алыпты. Мұнымен қоймай, жәбірленушіні 6 адам жабылып тепкілеген.

«Мен қасиетті Рамазан айында мұндай сұмдықтың куәсі боламын деп ойламаппын. Адамдар 80 теңгеге бола бір-бірін өлтіруге дейін баратын болғаны ма? Бұл не сұмдық? Біздің қазақы менталитетіміз қайда?» деп жазды куәгер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алматы қалалық Ішкі істер департаменті болса аталған жайтты тексеріп жатқанын мәлімдеп, қосымша ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары