$ 474.72  515.17  5.58

Шымкент іргесіндегі 1,5 га алқапқа есірткі өсірілген

Шымкент іргесіндегі Ынтымақ елдімекеніне қарасты 1,5 гектар алқапқа жергілікті үш тұрғын марихуана егумен айналысып келген. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Есірткіге қарсы күрес басқармасының мамандарына жергілікті тұрғындардың бірі арыз жазып, үлкен алқапта есірткі өсіруді кәсіп еткендер туралы ақпарат берген. Шұғыл тексеру жұмыстары барысында аталған ақпарат расталып, айғақ зат ретінде жалпы салмағы 100 келіден асатын 576 түп марихуана өсімдігі тәркіленіп алынды.

Ұсталған үш азамат та Шымкент қаласының тұрғындары, үлкені 49 жаста, қалған екеуі 1986 және 1988 жылғы. Олардың екеуі қамауға алынып, үшінші күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілген. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары