16.11.2020, 20:45

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірге ескерту жариялады

Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

«Қазгидромет» 17 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің күші жекелеген аумақтарда 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

17-19 қарашада Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с артады. 17 қарашада күндіз, 18-19 қарашада тәулік бойы желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деген болжам бар. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, түнде желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Тегтер: ауа райы