$ 498.34  519.72  4.85

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ал еліміздің батыс өңірлеріне солтүстік-батыс антициклоны әсерін тигізетіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

17 қараша, яғни сейсенбі күні Қазақстанның шығыс бөлігінің ауа райына циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары әсер еткендіктен, бұрқасын болып, қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Ал еліміздің батыс өңірлеріне солтүстік-батыс антициклоны әсерін тигізетіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында тұман түседі.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей аумағында тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Түркістан облысында тұман түсуі ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы