17.11.2020, 04:43

ШҚО-ның тағы бір қаласында карантин талаптары күшейтілді

Өңірдің бас санитар дәрігері орынбасарының міндетін атқарушының қаулысына сәйкес, 15 қараша, сағат 00.00-ден бастап қала сыртына кіріп-шыққандарды бақылау үшін блок-бекет қойылды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласы карантинге жабылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Өңірдің бас санитар дәрігері орынбасарының міндетін атқарушының қаулысына сәйкес, 15 қараша, сағат 00.00-ден бастап қала сыртына кіріп-шыққандарды бақылау үшін блок-бекет қойылды.

Карантинге байланысты кинотеатрлар, монша, сауна, бассейн, театр, мәдениет нысандары, кітапхана, музейлер, фитнес орталықтары және жаттығу залдары, спорт кешендері, СПА орталықтары/салондары жабық болады.

Алтай ауданында соңғы тәулікте 30 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы ауданда вирус жұқтырғандар саны 825-ке жетті.

Айта кетейік, бұған дейін ШҚО-да Риддер, Серебрянск қалалары және Жаңа Бұқтырма ауылы карантинге жабылған.

Тегтер: карантин