Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді, деп хабарлайды Премьер-министр сайты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді.
Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі.
Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қырғызстанға экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетуге уағдаласқан болатын.