18.11.2020, 09:40

Ұлыбританияның бас консулы желі жұлдызына айналды

фото: pixabay.com
Бұл ретте қоғамда немқұрайлыққа жол бермеу үшін 2017 жылы Қытайда арнайы заң қабылданған.

 Ұлыбританияның Қытайдың Чунцин қаласындағы бас консулы көрсеткен ерлігімен жергілікті халықтың алғысына бөленді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Дипломат суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалған. Тастың үстінде тұрған бойжеткеннің аяғы тайып кетіп, көлге құлаған. Алайда маңайдағы жұрт көмек көрсетуге асықпапты. Бұған бей-жай қарамаған консул бірден суға секірген. Нәтижесінде қыз аман қалды. 

Видео желіге жария ете салысымен көмек көрсетпей, қарап тұрғандарға қатысты көп сын айтылды. Алайда жұрт 2014 жылғы оқиғадан кейін қорқып қалған. Ол кезде ер адам қарт кісіге көмектесемін деп басы дауға қалған болатын. Бұл ретте қоғамда немқұрайлыққа жол бермеу үшін 2017 жылы Қытайда арнайы заң қабылданған. Оған сәйкес, шұғыл жағдайда көмек көрсеткен адам жауапкершіліктен босатылады.