Коронавирус жұқтырған 227 қазақстандық ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«18 қарашадағы жағдай бойынша 9 541 адам коронавирус инфекциясынан ем алуды жалғастырып жатыр, оның ішінде 468 бала. Стационарларда 2 991 пациент, амбулаториялық деңгейде - 6 550 адам.
227 адамның халі нашар, 24-3 - аса ауыр жағдайда, 22-сі - ӨЖЖ аппараттарында жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.