$ 494.87  520.65  4.91

Педофилдерге мемлекет тарапынан рақымшылық жасалмайды

Оларды қамауда ұстау тәртібі де өзгеріссіз. Сондай-ақ, бұған дейін соттың шығарған шешімі де сол күйі қалады.
фото: azh.kz
фото: azh.kz

Жасөспірімдерге азғындық жасаған педофильдерге жаза тағы да қатаңдатылатын болды, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Қаскөйлер бұдан былай темір тордан мерзімінен бұрын шыға алмайды. Мемлекет тарапынан оларға ешқандай рақымшылық болмайды. 

Керісінше, қатаң режимдегі мекемелерге жабылмақ. Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев, бүгін Мәжіліс отырысында депутаттарға осыны жеткізді. Оның сөзінше, кәмелеттік жасқа толмағандарға сексуалды зорлық көрсетіп, түрмеде жазасын өтеп жатқандардың қазіргі саны 1800-ден асып жығылады. Оның 1300-ге жуығы ғана қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерге жіберілген. 

"Сотталып, мерзімдері белгілі болған қылмыскерлердің жазасын өтейтін мекемелері өзгермейді. Оларды қамауда ұстау тәртібі де өзгеріссіз. Сондай-ақ, бұған дейін соттың шығарған шешімі де сол күйі қалады. Ал кейінгі ұсталған қылмыскерлер жаңа заң бойынша жауапқа тартылады", - деді ҚР ІІМ-нің орынбасары Марат Қожаев. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары