$ 447.4  477.55  4.76

Атамбаев сотта әйелімен көрісті

Оларға "ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесі үшін сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырды" деген айып тағылды.

Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ісі бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр. Судья Мирлан Термешиков БАҚ өкілдеріне алғаш рет сот отырысын видеоға түсіруге рұқсат берген, деп хабарлайды Tengrinews.kz Akipress-ке сілтеме жасап.

Сот процесі ашық режимде өткені айтылады. Атамбаевты қол шапалақтап қарсы алған екен.

Сотқа келгендердің қатарында экс-президенттің жұбайы Раиса Атамбаева да болды. Ол күйеуімен үзіліс кезінде амандасып үлгерген.

"Келші, сені құшақтайыншы", - деген Атамбаевтың жұбайы.

Еске салайық, мұның алдында Атамбаев өзін қамауда қалдыруды сұраған болатын.

Атамбаевтың босатылғаннан кейінгі алғашқы суреті пайда болды

Еске салайық, 6 қазанда Қырғызстанның астанасында митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатқан болатын. Мұның алдында Атамбаевтың 11 жылға сотталғаны хабарланған еді.

РИА Новости мәліметінше, 2006 жылы Бішкек маңындағы колониялардың бірінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Батукаев 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған. Бүлік кезінде депутат Тынығбек Ақматбаев, жазаны атқару бас басқармасының бастығы Икматулла Полотов және парламенттің екі қызметкері қаза тапқан.

2013 жылы Батукаев түрмеден босатылады. Бірнеше сағаттан кейін ол жаңа паспорт алып, елден кетеді. Тергеу мәліметі бойынша, оны босатуға жоғары лауазымды шенеуніктер, оның ішінде елдің экс-президенті Атамбаев та қатысты. Оларға "ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесі үшін сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырды" деген айып тағылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары