19.11.2020, 18:00

Желіде аспаннан «у шашқан» ұшақтың ВИДЕОсы пайда болды

Видеодағы ТУ-210 ұшағы Якутияда әуеге көтерліген кезде түсірілген болып шықты. Ол кезде сынап бағаны - 45-ке дейін түсіп кеткен.

Желіде көктен "химикат шашты" деген сипаттағы видео тарауда. Бұл жолғы видеодағы "у шашушы" ұшақ Солтүстік Қазақстан облысы көгінен байқалған-мыс делінеді, деп хабарлайды zakon.kz

Stopfake.kz, шын мәнінде, бұл видеоның 2012 жылдың желтоқсанында түсіріліп, YouTube-та жарияланғанын айтады. Ту-204 ұшағының көкке көтерілген сәті Якутскіде түсірілген. Сол кезде ауа температурасы 45 градус аяз болған.

Оның артынан қалған із инверсия немесе конденсация деп аталады. Ол конденсацияланған ылғалдың – атмосфераның белгілі бір бөлігінже ұшу аппараттары соңынан атмосферада қалыптасатын тамшылар немесе мұз кристалдар.

– Бұл құбылыс тропосфераның жоғарғы қабаттарында жиі орын алады, ал тропопауза мен стратосферада өте сирек байқалады. Ауа температурасы төмен болғанда шағын биіктіктерде де байқалуы мүмкін, – делінген Википедияда. Желі қолданушылардың ұшақтардың конденсациялық іздерін химикатпен шатастыруы бірінші рет емес.