20.11.2020, 23:35

Енді көше кезген қаңғыбастардан да ПТР сынамасы талап етілетін болды (ВИДЕО)

Енді бейімдеу орталығы жүгінгендерді бұрынғыша құжатсыз да қабылдап, тесттен өздері  өткізбекші.

Тұрақты мекен-жайы жоқ қаңғыбастардан да ПТР сынамасы талап етілуде. Таразда қар түсіп күн жылынғалы қаңғыбастар бейімдеу орталығын жағалап көрген. Бірақ ондағылар жұқпа жоқ екенін растайтын құжат сұрап, қабылдамаған. Бұл өңірдегі бас санитар дәрігердің қаулысы екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Тараздағы тілшіміз үй-күйсіз көше кезгендермен тілдесіп, орталыққа қабалдау тәртібімен танысып қайтты. Жол бойында қайыр тілеп жүрген мына тіленшілер, түнде жылу құбырының маңында түнеп жүргендерін айтты. Жататын жертөле табылса ол бақыт дейді. Жылда бейімдеу орталығына барып қыстайтын. Ал биыл онда кіру оңай болмай тұр деді.

Евгений ЧЕН:

Бейімдеу орталығына бір емес бірнеше рет жүгіндім қабылдамады. Тіпті адам құрлы көрмеді. Сондықтан, амалымыз жоқ жертөле мен жылы құбырлар маңында паналап жүрміз. Қарынымыз ашса осылай қайыр тілейміз.

Александр АНДРЕЕВ:  

Біздің жағдайымыз қыс келіп, қар түскенде қиындай түседі. Орталықтар биыл мүлде қабылдамайды бізді. Тестті қайда тапсырамыз бізді ауруханаларда да кіргізбейді ғой.

Ар орталық мамандары кіргізбейді дегенді жоққа шығарды. Тест сынамасы міндетті деп отыр. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжаты болса болғаны деді. Көбіне ішімдікке салынғандар өздері бас тартып жататынын айтты. Құжаты жоқтарға да амалын қарастырып жатыр екен.

Бекайдар ҚЫРЫҚБАЕВ, ТАРАЗ қ. ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ҚАЛҒАН АДАМДАРДЫ ҚАЙТА ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ОРТЫЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлеуметтік медициналық орталықтарға қабылданатын адамдарды ПТР тест ковид 19-ға қарсы тестпен қабылдайтын болғандықтан, біз енді иин жоқ адамдарды қабылдау кішкене проблема туғызған. Бүгінгі таңда қазыр ғана қаламыздың облыстық департамент басшыларымен келісім жүргізілді. Хат жолданды бүгін.

Енді бейімдеу орталығы жүгінгендерді бұрынғыша құжатсыз да қабылдап, тесттен өздері  өткізбекші. Ал оның шешімі шыққанға дейін арнайы оқшауланған бөлмеде ұстамақ. Бұл орталық 120 адамға арналған, қазір мұнда 92 адам жатыр.