$ 498.34  519.72  4.85

Қаруланған ер адам тұрғындарды кепілге ұстап отыр

БАҚ мәліметінше, полицейлер аймақты қоршауға алған.

Тбилисиде қаруланған ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған, деп хабарлайды Sputnik Грузия

Ол Церетели даңғылындағы микроқаржы ұйымына басып кірген. 

БАҚ мәліметінше, полицейлер аймақты қоршауға алған. Оқиға орнына Тбилисидің полиция басшысы Важа Сирадзе келді. Грузияның Ішкі істер министрлігі әзірше ешқандай мәлімдеме жасамаған. 

"Тбилисидегі микроқаржы ұйымына басып кірген ер адам бірнеше адамды кепілге алған. Оқиға орнына полицейлермен бірге арнайы жасақ өкілдері келді. Шамамен 10 адам кепілге алынған", - делінген "Рустави 2" телекомпаниясының хабарламасында. 

Полиция басшысы Важа Сирадзенің сөзінше, тоғыз адам кепілге алынған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Грузия