$ 494.87  520.65  4.91

Елордада дәмханада газ баллоны жарылды: қаза тапқандар бар

Жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр.

Елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Нұр-Сұлтан қаласында дәмхана ретінде жабдықталған коттеджде газ баллоны жарылды. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен кезде үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған. Жарылыс салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түскен. Алдын ала деректерге сәйкес, қыз үйінді астында қалып қойып, оқиға орнында қаза тапқан», - деп жазылған хабарламада.

Жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр. Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы және 10 бірлік техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары