$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

Пәтер иесі жалынды өзі сөндірмек болды.

Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 30-дан астам адам эвакуацияланды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түнде Крылов көшесіндегі тоғызқабатты үйдің 4 қабатында орналасқан пәтер лоджиясында өрт шыққан. Пәтер иесі жалынды өзі сөндірмек болды. Алайда онысынан түк шықпағандықтан өрт сөндірушілерге хабарласқан.

«Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. 34 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көп ұзамай жалпы ауданы 6 шарты метрді құраған өрт өшірілді. Өрт сөндірушілер оттың пәтер ішіне тарап кетуіне жол бермеді.

Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың шығу себебі – тоңазытқыштың тоқ өткізгіш элементтеріндегі апаттық жұмыс режимі себеп болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары