$ 474.72  515.17  5.58

Өзбек гастарбайтері Алла Пугачеваға сыйлық жасау үшін бірнеше жыл ақша жинаған

Өзінің бейнеүндеуінде әйел ұзақ жылдар бойы "Ресей жұлдызы" ("Россия юлдузи") деп аталатын өлеңдер жинағын Ресей эстрадасының примадоннасына беруін армандап келген екен.

"Мен, Азизова Мукаддас, Алла Пугачеваның өнеріне табынушымын. Өзімнің оған деген махаббатымды өлеңдер жинағымда жеткіздім", – дейді Өзбекстаннан келген мигрант әйел.

Мукаддас Азизова ұзақ жылдар бойында Новосибирскінің құрылыс фирмасында еден жуушы болып істейді. Әйел ресейлік әншіге арнап шығарған өлеңдерін жинақ етіп шығару үшін, өзінің еңбекақысынан ақша жинап келген екен. Өзбекстаннан келген мигрант әйел өзінің журналист болуды армандағанын, бірақ оқуға түсе алмағанын айтады. Кейін Өзбекстанда Кооператив институтын бітірген екен.

– Ресейге келіп, бірнеше жылдан бері өлең жаздым. Төрт жыл бұрын кітабымды шығардым. Оны орыс тіліне аударғым келді. Кейбір адамдар көмектесеміз деді. Бірақ ақшаны алып, мені алдап кетті. Кітап сол күйі аударылмады. Маған көмектессеңіздер екен – кітаптың Пугачеваның қолына тигенін қалаймын. Мұндағы өлеңдердің бәрі тек соған арналған. Өлең өзбек тілінде жазылған. Мен алтыншы сыныптан бері Алла Пугачеваның өнеріне табынамын. Егер маған көмектессеңіздер, алғысым шексіз болушы еді,– дейді Мукаддас Азизова.

Centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары