Жаңалықтар 22.11.2020 сағат 16:40

Зайсан көлінде екі балықшы жоғалып кетті

Қауіпсіз мұздың қалыңдығы кемі 10 см болса, бұл күні мұздың қалыңдығы 4 см ғана болған.
Зайсан көлінде екі балықшы жоғалып кетті
Фото: egemen.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Құтқарушыларға 20 қараша,  22:50 шамасында Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылынан екі балықшының Зайсан көлінде жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құтқарушылар хабарлама ала сала Тарбағатай ауданының ТЖБ бастығы әкімдік өкілдерімен бірге ақпаратты анықтау үшін дереу жеткен. Алайда, су бетіне қатқан қабыршақ мұз көл бетіне қайықпеншығуға мүмкіндік бермеді. 21 қараша күні таңертең Өскеменнен арнайы 5 құтқарушы, 1 бірлік техника және 1 бірлік "Пегас" кемесі жіберілді. Сондай-ақ балықшыларды іздеу үшін МИ-8 тікұшағы ұйымдастырылды. Бірақ әуеден іздеудің өзі нәтиже бермей жатыр.

Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да кіріскен. Олар жағадан бір шақырым қашықтықта жоғалған балықшылар қайығының бос бензин багын тауып алған. Іздеу нәтижесіз болған соң Күршім ауылынан сүңгуірлер келіп жеткен. Қазіргі уақытта 1990 және 1981 жылы туған балықшыларды іздестіру жалғасуда.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар