Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Telegram-ботты іске қоспады. Бұл туралы azattyq-ruhy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Белгісіз адамдар азаматтарға мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты - фейк. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды», - делінген хабарламада.
Министрлік азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұрады.