$ 443.85  474.3  4.8

Путин Байденді неге құттықтамағанын айтты

Владимир Путин АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байденді неге құттықтамағанын түсіндірді.
Фото: republic.ru
Фото: republic.ru

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байденді неге құттықтамағанын түсіндірді.

Ресейдің мемлекет басшысы АҚШ-тағы партияішілік қарсылықтың аяқталуын күтіп отырғанын айтты, деп хабарлайды S Sputniknews. kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Құттықтамаудың ешқандай астары жоқ. Бізге біреу ұнайды немесе ұнамайды деген сөз емес. Бізпартияішілік қарсылықтың аяқталуын күтіп отырмыз", - деді Путин "Россия 1" телеарнасына.
Оның айтуынша, ресейлік тарап Трампқа да, Байденге де сыйластықпен қарайды. 

"Қалыптасқан тәжірибеге және заңгерлік жайттарға сай барлық формалды жайттар ескерілуі тиіс. Алдағы уақытта Ресей мен АҚШ байланысына нұқсан келтіретін ешбір себебі жоқ. ", — деді Путин.

АҚШ-тағы сайлау
8 қараша да АҚШ президенті сайлауы өтті. Дауыс санау қорытындысы бойынша Джо Байден жеңіске жетті. Алайда Дональд Трамп сотқа шағымдануда.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Джо Байденді құттықтады.

Нақты қорытындысы желтоқсан айында белгілі болады. Инаугурация 2021 жылдың қаңтарында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары